Мероприятия по школе

Мероприятия по школе

"Математика без границ"


Смотр строя и песни

 

 

 


Вступление патриотов в ряды "Жас ұлан"

 


 


В честь послания президента «Здоровая нация – здоровый дух» в нашей школе уже четвертый год подряд проводится неделя здоровья. Традиционно она проходит в первую неделю учебного года.

Более 600 школьников выстроились во дворе школы, а учителя физкультуры, взобравшись на козырек школы, провели массовую разминку. Под зажигательную музыку они показывали ребятам движения, а ученики повторяли за ними. Причем, в этом году к неделе здоровья решено было подключить учителей школы и родителей. После разминки все разошлись по площадкам. Между 5 и 6 классами состоялась эстафета, между 7 и 8 – игра в футбол, а 9, 10 и 11 классы состязались в поднятии гири и армрестлингу. Также любой желающий смог поиграть в настольный теннис. Учителям же досталась стрельба по мишеням и воздушным шарам из пневматической винтовки. Особой меткостью отличилась в соревновании директор школы-лицея.


Жуырда Ақтау қаласындағы Н.Ә.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде

«Көктем аруы» атты қыз сыны байқауы өтті.

 

«Көктем Аруы  - 2015» сайысына қатысушылар

 

1.Бекбаулиева Мадина -9Б

2.Кужиева Жанат -9Б

3.Избасова Айя -10А

4.Санжанова Айдана – 10Б

5.Юнусова Карина -11Б

6.Ниязбекова Амина – 11А

7.Иргалиева Аида -11Б

Байқаудың сценариі
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын

1-жүргізуші. Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

„Қыз өссе- елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

1-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

2-жүргізуші Туған жер азаматтың мекені екен,
«Көктем аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен.....
1-жүргізуші: Сіздерге сәлем беріп көрінуге,Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық.. 
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар-қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )
2-жүргізуші: Бірінші ару- ақша маңдай, үлкен-кіші мақтағандай,
1-жүргізуші: Екінші ару- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,
2-жүргізуші: Үшінші ару- достарын сары алтындай сақтағандай,
1-жүргізуші: Төртінші ару- көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,
2-жүргізуші: Бесінші ару- жұмақтағы хор қызындай.
1-жүргізуші: Алтыншы ару –келеді, еркін басып, шекесіне үкі таққан.
2-жүргізуші: Жетінші ару- ажарлы, ақша бетті ақ маңдай.

Ендеше аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат, мына қоржынан өз нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын ішіндегі асықта нөмірлері болады,сол бойынша жауап береді. Нөмірі бар эмблема кеуделеріне тағылады.)
1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса тағайындау) 
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек. Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. . «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин.
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.
1-жүргізуші: Ендеше, аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын» 
2-жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда ---- нөмірлі аруымызды қарсы алайық. 
( арулар өздерін таныстырады) 
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен асық алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек. 
( сайыскрлер кезек-кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады) Күй.Майкеева Милананың орындауында.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.
2-жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген. 
«Өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Сахнаға нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
( сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз тағам түрлерін көрсетеді. Би.11-сынып Аруларының орындауында.Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Аруларымыз тағам дайындағанмен қатар таныстырып қорғау керек емес пе? Ендеше іске сәт, арулар!
1-жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа боп па?

1-жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік
2-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
( «Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады) 
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын тамашалайық.Абай«Желсіз түнде жарық ай»әні. Орындайтын 9всынып оқушысы Ческая Ксения, қарсы алыңыздар.
Марапаттау кезеңі.
«Көктем Аруы»-2015 жыл
«Инабатты Ару» 
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»
«Көрермен көзайым Ару»

1-жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік, қылығы-күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1-жүргізуші: Ф.Оңғарсынованың осынау нәзік жандарға арнаған өлеңімен бүгінгі «Көктем Аруы» атты қыз сыны байқауын аяқтаймыз. Мереке құтты болсын.


Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....

 

3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....


5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе.....


7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....

9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала.....

11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....

13. Селт еткізер деген не деген не?
14. Мақалды жалғастыр. Ана сүтін ақтамағанды.....

Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.) 
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... ( Ұшқанда соны іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер..... (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала..... ( Әдепсіз бала –сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы бол)

11. Селт еткізер деген не деген не?(көңілі қалаған бойжеткенге сақина, сырға, білезік сияқты сый-сияпат ұсынады. Жігіттің ойын сезген қыздар әрине «селк» етеді.Сондықтан да бұл сый « селт еткізер» деп аталады. )
12. Мақалды жалғастыр. Ана сүтін ақтамағанды..... (ешкім мақтамайды )